Аталған көпірдің ұзындығы – 155 метр
Астанада LRT құрылысы аясында салынған Есіл өзені арқылы өтетін аспалы көпірдің құрылысы аяқталды. Бұл туралы CTS баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Аталған көпірдің ұзындығы – 155 метр, ені – 14 метр, биіктігі – 28 метр.
Құрылымның төменгі жағы арка ретінде, ал жүріс бөлігі темірбетон плитасынан тор түрінде жасалған. Көпір Есіл өзені арқылы өтетін қолданыстағы автомобиль көпірінің жанында орналасқан. Құрылымды жасау кезінде су деңгейі және аймақтың климаттық жағдайы ескерілген.