Ол осыған дейін ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы болған
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Кеген Ахметұлы Тұрсынбаев Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
1971 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ленин комсомолы атындағы екі мәрте Қызыл Тулы Рязань жоғары әуе десанттық командалық училищесін, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.
Әр жылдары ҚР Республикалық ұланы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарында қызмет еткен.