Түркістан облысында тағы 6 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

Автор: Azattyq Rýhy

Облыста вирус жұқтырғандар саны 196-ға жетті

Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 6 адам тіркелді, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

«COVID-19 инфекциясы вирусты жұқтырған адамдармен байланыста болған азаматтарды тексеру барысында Түркістан қаласында тұратын 3 және 5 жасар қыз балалардан (2015 ж. т. және 2017 ж. т.), Арыс қаласының тұрғындары 1995 ж. т., 1998 ж. т. және 2002 жылғы  азаматшалардан анықталды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Өзбекстаннан келгендерді скринингтік зерттеу барысында Түркістан қаласының 1986 ж. тұрғынының вирусты жұқтырғаны анықталды. Ол — алысқа қатынайтын көлік жүргізушісі.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, оқшауланып, бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алып жатыр.

Олармен жақын байланыстағы азаматтар анықталып, медициналық бақылауға алынды.Ауру ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

13 мамырдағы мәліметке сәйкес, Түркістан облысында вирус жұқтырғандар саны 196-ны құрады.