Аталған іс елордалық полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында
Астанада 19 жастағы жігіттің мәйітін табу фактісі бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы қалалық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ол 9-қабаттың терезесінен құлаған. Оқиғаның барлық қатысушылары анықталды. Болған оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Тараптардың, оның ішінде марқұмның анасының барлық дәлелдері мен мәлімдемелері тергеу шеңберінде мұқият тексерілетін болады. Аталған іс Астана қаласы полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында», - делінген хабарламада.
Бұған дейін 19 жастағы жігітті төрт жігіт қинап өлтіргені жайлы ананың жанайқайы туралы жазғанбыз.