Матчқа билеттер әлі сатылымға шыққан жоқ
«Астана» футбол клубы «Челсимен» болатын матчқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Әлеуметтік желіде 2024 жылдың 12 желтоқсанында өтетін «Астана» мен «Челси» арасындағы УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңдік матчының билеттеріне алдын ала тапсырыс беру туралы жарнамалар жариялана бастады. Осыған байланысты «Астана» футбол клубы аталған матчқа билеттер сатылымға шықпағанын хабарлайды», - делінген мәлімдемеде.
Билеттердің бағасы, сондай-ақ сатылым күні туралы барлық ақпарат клубтың ресми дереккөздерінде ұсынылады.