Елордадағы автобустар жартылай бос болуы керек - CTS

Автор: Azattyq Rýhy

Жолаушылар ақшалай төлем жасай алмайды

Фото: ашық дереккөзден

14 мамырдан бастап елордада қоғамдық көліктің жолаушыларға лық толық болмауы бақыланады. Бұл жайында CTS компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Сейітов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«12 мамырдан бастап қоғамдық көлік қозғалысы жанданды. Қазір барлық қалалық бағыттар жүріп тұр. Қала маңы бағыттары бойынша қосымша хабарланады. Жолаушылар жол жүру ақысын қолма-қол ақшасыз төлейді. Ақшалай төлем жасай алмайды. Жолаушыларға қойылатын талап - маска тағу. Мұнан бөлек, автобус ішін жолаушылармен толтыруға қатысты талап бар. Автобус іші 50 пайыз ғана толық болуы керек», - деді ол. 

Оның айтуынша, бүгіннен бастап жүргізушілермен қатар Көліктік бақылау департаменті тарапынан да автобустардағы жолаушылардың толуына қатысты қадағалау күшейтіледі.