Ойын 1:0 есебімен аяқталды
Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасында өз алаңында Словенияны қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ойынның бірінші таймында есеп ашылмады. Абат Айымбетовтің тепкен добы қақпаның бағанасына тиіп, кері қайтты. Қонақтар да бірнеше қауіпті шабуылдар жасады, бірақ сәтті болмады.
Екінші тайм басталысымен Словения құрамасы алаңда белсенді қозғалды. Нәтижесінде 53-минутта Ян Млакар есеп ашты. Бірақ ойын соңына дейін отандастарымыз таблодағы нәтижені өзгерте алған жоқ. Ойын 1:0 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, енді Қазақстан құрамасы 11 қарашада өз алаңында Австрияны қабылдаса, 14 қарашада сырт алаңда Норвегиямен кездеседі.