Қарағанды облысында ауа райына байланысты 500-ге жуық көлік кептеліске түсті (ВИДЕО)
Кейбір бағыттар бойынша қозғалыс жабық
Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығынан Теміртау жанындағы төлем жасайтын терминалда 500-ге жуық автокөлік кептеліп тұрып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құқық қорғау органдары жүргізушілерден қаладан тыс жерлерге барудан бас тартуды сұрайды. Кейбір бағыттар бойынша қозғалыс жабық.
«Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары. Ауа-райының нашарлауына байланысты Қарағанды-Астана, Қарағанды-Молодежный, Қарағанды-Қарқаралы бағытында автокөлік құралдарының қозғалысы шектелді. Қазіргі уақытта Теміртау терминалында 500-ге жуық автокөлік тұр. Жүргізушілерден қаладан тыс жерлерге сапарға шықпауды өтініп сұраймыз», - деді Қарағанды облысы ПД патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұханов.
Сондай-ақ, Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі жол бойында тұрып қалған жүргізушілерді еріп жүретін колоннаға қоса бастағанын айтты.