UFC: Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

Azattyq Rýhy

Рахмонов Билал Мухаммадпен жұдырықтасып, чемпиондық титулды сарапқа салады

UFC: Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегінің уақыты белгілі болды
Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94

UFC қазақстандық файтер Шавкат Рахмановтың (18-0) қатысуымен өтетін титулдық жекпе-жек туралы ресми ақпарат жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Рахмонов 7 желтоқсанға жоспарланған Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) 310-шы нөмірлік турнирде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы UFC-дің жартылай орта салмақтағы қазіргі чемпионы, американдық файтер Билал Мухаммад (24-3) болады.

Шавкат Рахмонов өзінің соңғы жекпе-жегін өткен желтоқсанда өткізген болатын. Ол американдық Стивен Томпсонмен (17-7-1) кездескен еді.

Ал Билал Мухаммад шілде айында ағылшын Леон Эдвардсті (22-4) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіп, жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы атанды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.