Астана-Көкшетау тасжолының жабылуына байланысты 600 жолаушы пойызбен эвакуацияланады

Автор: Azattyq Rýhy

Ауа райының нашарлауына байланысты «Астана-Көкшетау тасжолы жабылған болатын

Фото: ҚТЖ

Астана-Көкшетау тасжолының жабылуына байланысты 600 жолаушы пойызбен эвакуацияланады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, мұндай шаралар ауа райының қолайсыздығына байланысты қабылданған.

«Астана-Көкшетау автожолының жабылуы және қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты, көліктік қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында шаралар қабылданды. 2024 жылғы 12 қазанда Астана-Көкшетау-Астана бағытында жүретін №327/328 және №623/624 пойыздарына 13 қосымша вагон қосылды. Бұл шаралар шамамен 600 жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.