Талғарда қылмыскерлердің қолынан көз жұмған Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті
Бас прокуратура Талғарда қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Болаттың үйін өртеу оқиғасына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Талғарда жасөспірімді өлтіру ісі бойынша жәбірленушілердің үйін өртеу фактісіне қатысты 2024 жылғы 12 қазанда Бас прокуратураның басшылығымен қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.
Кінәлілерді әшкерелеу үшін барлық шара қабылданатын болады. Қылмыстық iс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бақылауына алынды», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Талғарда қылмыскерлердің қолынан көз жұмған Шерзат Болаттың үйі өртеніп кеткені туралы хабарланған болатын.