Апат салдарын жоюға бес бірлік техника және 96 жұмысшы тартылды
10 қазан күні түнгі сағат 03:50-де Сурған станциясында пойыздардың қозғалысы қайта қалпына келтірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Апат салдарын жою жұмыстары жедел түрде жүргізілді. Оқиға орнында Есіл және Тобыл станцияларынан қалпына келтіру пойыздары, бес бірлік техника және 96 жұмысшы тартылды.
«Түнгі уақытта да қалпына келтіру жұмыстары үздіксіз жалғасын тауып, барлық күш апат салдарын жылдам жоюға бағытталды. Қазіргі таңда пойыздар қозғалысы толықтай қалыпты режимде іске қосылды», - делінген хабарламада.