$ 491.71  529.97  5.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Халықтық штабтың белсенділері үгіт-насихат плакаттарын жинауға кірісті

Бір ай ішінде бүкіл ел бойынша Халықтық штаб еріктілері шамамен 1,5 миллион плакат жапсырған болатын

Халықтық штабтың белсенділері үгіт-насихат плакаттарын жинауға кірісті
Фото: «AMANAT» партиясының баспасөз қызметі

Бүгін АЭС салуды қолдау бойынша Халықтық штабтың белсенділері АЭС құрылысын қолдау науқаны аясында жапсырылған үгіт баспа материалдарын жинау бойынша ауқымды акцияны бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бір ай ішінде бүкіл ел бойынша Халықтық штаб еріктілері шамамен 1,5 миллион плакат жапсырған болатын. Енді бүгін қалалар мен елді мекендерді тазартатын уақыт та келіп жетті.

«Біздің еріктілер ақпараттық науқанға белсене қатысып қана қоймай, қазір де дәл осындай ыждахаттылықпен қалалардың тазалығына қамқорлық жасауда. Біз бұл акцияны елдегі экологиялық жағдайды жақсартып қана қоймай, қоғамда тазалық пен жауапкершілік мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасымен ұштастырамыз. Бүгінде осылайша қалаларымыз бен ауылдарымызда экологиялық тепе-теңдікті сақтауға өз үлесімізді қосудамыз», - деді «Жастар Рухы» төрағасы Ақерке Искандерова.

Үгіт плакаттарын тазалау акциясы «AMANAT» партиясының «Таза бейсенбісі» ауқымды акциясы аясында өтуде. Ағымдағы жылдың маусымынан бастап еріктілер 80-нен астам су объектілерін, соның ішінде өзен-көлдер мен жағалау аймақтарын тазартты. Жалпы, бүкіл ел бойынша акцияда 7 мың тоннадан астам қоқыс жиналып, 50 мыңға жуық адам қатысты.

Айта кетейік, үгіт материалдарын жинау бастамасы жастардың қоғамдық жобаларды қолдауға деген ұмтылысын, олардың Қазақстанда экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы белсенді рөлін көрсетеді.

Серіктес жаңалықтары