«Түсінбегендер аударып алсын»: Ерке Есмахан өзін сынағандарға жауап берді

Автор: Azattyq Rýhy

Ерке Есмахан өзін сынаған желі қолданушысына жауап берді

Фото: Instagram/erke_esmahan

Әнші Ерке Есмахан тек қазақша сөйлегені үшін желі қолданушыларының бірінен сөз естіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ерке Есмахан өзін сынаған желі қолданушысына жауап берді.

«Осыны жазып тұрған сіздің тегіңіз Жырғалбекова екен. Неге «сіздің тіліңіз» деп тұрсыз?! Қазақ тілі сіздің тіліңіз емес пе?! Мен қазақпын. Қазақша сөйлеймін, жазамын. Түсінбегендер аударып алсын. Қазақша сөйлеу мен үшін – сән. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», - деп жазды Ерке Есмахан.