Еліміз бойынша 5400-ден аса адам COVID-19 індетін жұқтырған
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 138 адам тіркелді, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 15, Алматы қаласында – 6, Батыс Қазақстан облысында – 11, Жамбыл облысында облысында – 6, Қарағанды облысында – 3, Түркістан облысында – 4, Атырау облысында – 92, Шығыс Қазақстан облысында – 1 адам.
Ал, еліміз бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 5 417 адам анықталды. Олардың ішінде:
- Алматы – 1628;
- Нұр-Сұлтан – 1118;
- Атырау облысы – 432;
- БҚО – 266;
- Шымкент – 245;
- Қызылорда облысы – 231;
- Қарағанды облысы – 200;
- Жамбыл облысы – 198;
- Түркістан облысы – 190;
- Алматы облысы – 183;
- Ақтөбе облысы – 176;
- Павлодар облысы – 154;
- Маңғыстау облысы – 130;
- Ақмола облысы – 110;
- Қостанай облысы – 68;
- ШҚО – 52;
- СҚО – 36.