Ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі
«Қазгидромет» РМК 6 қазанда еліміздің бес қаласында қолайсыз метеожағдайлар болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2024 жылғы 6 қазанда Павлодар, Өскемен, Атырау, Ақтөбе қалаларында, түнде Қостанайда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі», – деп болжады синоптиктер.
Айта кетейік, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.