Астанада қанша педагог жұмыс істеп жүр?

Автор: Azattyq Rýhy

Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында 3500 педагог ведомстволық наградалармен марапатталды

Фото: Астана әкімдігі

Елорданың білім беру ұйымдарында 26 944 педагог жұмыс істейді. Мұғалімдер күні қарсаңында ведомстволық наградаларға саланың 3500 үздік маманы ие болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа 2024-2025 оқу жылында Астананың білім беру ұйымдарына 2 262 педагог қабылданды, оның ішінде 993-і – жайлы мектептерге.

Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында 3500 педагог ведомстволық наградалармен марапатталды.

Елорда педагогтері мынадай ерекше наградалармен марапатталды: «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы, «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілері, «Астана қаласының құрметті педагогі» төсбелгілері, алғыс хаттар мен грамоталар. Білім беру еңбегінің ардагерлері де назардан тыс қалмады.

Білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшылары тәжірибе алмасу және кәсіби құзыреттілікті арттыру жөніндегі халықаралық семинарларға, конференцияларға қатысу үшін шетелдік іссапарларға барады. Соңғы үш жылда мұндай сапарларда 300-ден астам адам болды. Олар АҚШ, Сингапур, Чехия, Корея, Өзбекстан, Грузия, Жапония, Түркияға барды. Іссапар қорытындысы бойынша «Шетелдік тағылымдама: кәсіптік әдіснаманы үйреніңіз, меңгеріңіз және дамытыңыз» тақырыбы бойынша оқыту семинарлары ұйымдастырылды.