Ақтауда бір топ жас жігіт көшеде кетіп бара жатқандарды жабылып, ұрып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға 4 қазан күні болғаны анықталды

Фото: Видеодан скрин

Ақтауда жастар көшеде өтіп бара жатқандарды жабылып, соққыға жығып кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға барысы видеоға түсірілген. Іс 4 қазан күні болғаны анықталды. Полиция департаменті күдіктілер қолға түскенін хабарлады.

Бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Заңды өкілдер кәмелетке толмағанды тәрбиелеу, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамау фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке (ҚР ӘҚБтК 127-бабы) тартылды . Жаза бойынша 10 АЕК, яғни 36 920 теңге мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Құқық бұзушылар профилактикалық есепке қойылды.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жан-жақты тергеу әрекеттері жүріп жатыр.