СҚО-да діни кітап сатқандарға айыппұл салынды

Автор: Azattyq Rýhy

Діни әдебиетті жеке рұқсаты бар орындар ғана сата алады

Фото: ашық дереккөзден

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысы бойынша дін саласында бес әкімшілік заң бұзушылығы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Заң бұзушылықтың басым бөлігі СҚО Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен әлеуметтік желілерді және басқа да интернет-ресурстарды тексеру кезінде анықталды. Діни әдебиетті діни мазмұндағы басылымдарды сатуға жеке рұқсаты бар заңды түрде кітап сататын орындар сата алады. Бұған қарамастан, аталған әдебиетті интернет-ресурстар арқылы сату фактілері де кездеседі», - деп жазылған хабарламада.

Айта кету керек, діни әдебиетті және діни мақсаттағы өзге де материалдарды, заттарды әкелгені немесе таратқаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 490-бабы бойынша жеке тұлғаларға 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, заңды тұлғаларға – 200 АЕК көлемінде айыппұл салынады.