Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды
Павлодарда зейнеткерді өлтіру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
БАҚ-та Павлодар тұрғыны өзінің жұбайын пышақтады деген ақпарат жарияланды. Қылмыс 1 қазанда жасалған.
Облыстық полиция департаменті оқиғаны растады.
«Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталды», – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Күдікті Павлодар қаласы полиция бөлімшесінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.