Ақмола облысында 14 жасар қыз өзіне қол жұмсады

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр

Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Ақмола облысында 14 жасар қыз өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға 1 қазанда Аршалы ауданының Жібек жолы ауылында орын алған. 

 

Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған фактіні растады.

«1 қазанда Аршалы ауданының полиция бөлімінің байланыс желісіне Астана қаласының тұрғынынан Жібек Жолы ауылында өз үйінің гаражында 2010 жылы туылған туысқан қарындасының өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама келіп түсті», - деп хабарлады ведомстводан.