Найзағай, жаңбыр, тұман: 12 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Azattyq Rýhy

Бірқатар аймақта төтенше өрт қаупі әлі де сақталады

Найзағай, жаңбыр, тұман: 12 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: depositphotos.com

«Қазгидромет» РМК ертең, 3 қазанда Қазақстанның 12 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Ертең республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жаңбыр күтіледі, республиканың оңтүстік-батысында қатты жаңбыр болжанады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында ғана жоғары қысымды өрістің әсерінен құрғақ және жылы ауа райы күтіледі. ҚР бойынша желдің күшеюі күтіледі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстікте, солтүстік-батыста, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман болады.

Қарағанды, Абай облыстарында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Ұлытау облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының шығысында, батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Ұлытау облысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.