Жанжалға шекара арқылы өту кезегін сақтамау себеп болған
БҚО-дағы «Сырым» шекара бекетінің жанында ауыр жүк көлігі жүргізушілерінің арасында жанжал туындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, Қырғызстан мен Қазақстан азаматтары – фура жүргізушілері арасында шекара арқылы өту кезегін сақтамау салдарынан жанжал орын алған.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінде ақпарат расталды.
«Жанжал фактісі бойынша 30 қыркүйекте «Самара-Шымкент» автожолында ауыр жүк көлігінің жүргізушілері арасында кезекті сақтамау салдарынан туындаған жанжалға қатысты тергеу басталды», - деп хабарлады полиция.
Белгілі болғандай, тергеу «Бұзақылық» бабы бойынша басталды.