Бейнеуде халықтық штаб мүшелері емхана қызметкерлерімен кездесті

Azattyq Rýhy
Бейнеуде халықтық штаб мүшелері емхана қызметкерлерімен кездесті
Фото: Маңғыстау облысының "AMANAT" партиясы филиалы

Аудандық штаб өкілдері АЭС салудың өзектілігін және де бұл мәселеде әрбір азаматтың пікірінің маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Бейнеу көпбейінді орталық ауруханасы» ШЖҚ МҚК-ның қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме беріп.

Басқосуда штаб төрағасы Назарбек Қадір 2 қыркүйек күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіріп, АЭС салудағы ең маңызды мәселе — еліміздің энергетикалық әлеуетін қамтамасыз ету екенін жеткізді. 

Өз кезегінде Ардақ Бораш мемлекетімізде электр қуатының тапшылығы бар екендігін тілге тиек етсе, Қыдырбек Майланов электр энергиясына деген қажеттілік жылдан-жылға өспесе, кемімейтінін ашып айтты. 

Сондықтан мемлекет басшысы осы мәселеде халықтың таңдауы мен көзқарасын білу үшін нақты қадамға барып отырғандығы да айтылды. 

Кездесуге қатысушылар ойларын ортаға салып, АЭС құрылысының қауіпсіздігі мен тиімділігі төңірегіндегі қауіп, күмәндарын алдыға тартты. Штаб мүшелері барлық сұрақтарға өз деңгейінде жауап беріп, АЭС салу мәселесінде әрбір азамат өз пікірінше таңдау жасауға құқылы екендігін жеткізді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.