Халықтық штаб мүшелері ШҚО-ның ірі компаниясымен АЭС-тің елімізге пайдасы мен тиімділігі турасында пікір алмасты

Автор: Azattyq Rýhy
Фото: Шығыс Қазақстан облысының "AMANAT" партиясы филиалы

Бүгін Халықтық штаб мүшелері «Ақорда Капитал» ЖШС-нің ұжымымен кездесіп, АЭС-тің елімізге пайдасы мен тиімділігі турасында пікір алмасты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Келешек ұрпақтың энергетикалық тәуелсіз елде өмір сүруі керектігіне тоқталған штаб мүшесі Мыңжас Нұрлыбектің айтуынша электр қуаты ұлттық қауіпсіздіктің ең басты мәселенің бірі. 

«Себебі оның стратегиялық маңызы бар. Мемлекет басшысының осы мәселені халықтың талқысына салуға мүмкіндік бергені халық пен билік арасында сенімді нығайта отырып, бірлесе әрекет етуде жатыр. Сондықтан, өскелең ұрпаққа бейбіт, бай, тәуелсіз елді қалдыру үшін біз осы бастан таңдау жасауымыз керек»,-деді. 

Ал штаб мүшесі Ержан Искендер АЭС-тің қауіпсіздігі турасында ақпарат берді.

Кездесуде ұжым тарапы атом станциясының құрылысын кім жүргізетіндігін, оның пайдасы мен зияны турасында сауалдарын жолдап, пікір алмасты. 

Атап өтейік, аталған серіктестік өңіріміздің бренді — күріш шаруашылығымен айналысуда. 1997 жылы негізі қаланған компания бүгінде өз өнімдерін шетелге экспроттауда.

Тегтер: