Болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталады
Алматы облысының Өтеген батыр ауылында 14 жасар қыздың қайтыс болғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Желідегі деректер бойынша, жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған Azattyq Rýhy.
Аталған деректі Алматы облыстық ПД растады.
«Аталған факті бойынша Талғар ауданының полицейлері қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталады. Тергеу жүргізілуде. Сонымен қатар, қыздың өлімі желілік ойындар мен буллингпен байланысты емес екенін ескертеміз», - деп хабарлады ведомстводан.