Осыған дейін Әнару Құрманәлі есімді ару кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров зорлады деп шағым түсірген
Боксшы Жанқош Тұраровтың жұбайы Клара Иса өзін күйеуі зорлады деген Әнару Құрманәлі аңдып жүретінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Осыған дейін Әнару Құрманәлі есімді ару кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров зорлады деп шағым түсірген.
«Түнімен, Құдайдың құтты күні осындай қоңыраулар келеді Әнарудан. Не әңгіме айтатынын естігілеріңіз келе ме? Қыздың бұндай қырын көрсету тіпті ұят әрі аянышты. «Зорланған» ару есікті күзетіп, тоқтаусыз хабарласа ма? Уақыты келгенде барлығын көрсетеміз. ...«Жанқоштың үйленгенін білмедім, танымадым» дегені естеріңізде ме? 1 пост, 1 сторис қалдырмай реакция жіберіп, бақыт тілеп, бізге қалай қызығатыны жайлы жүрекжарды пікір жазып келген екеуміздің де парақшамызда», - деп жазды Клара Иса Instagram парақшасында.