Павлодар облысында өрттен 40 жастағы адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға Павлодар облысына қарасты Шарбақты ауданының Шалдай ауылында болды

Фото: ҚР ТЖМ

ТЖМ өрт сөндірушілері кезекші тәулік ішінде Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында тұрғын үй секторларында 9 өртті жойды. Бұл туралы Azattyq Rýhy  ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, өрт сөндірушілер 3 шаруашылық ғимаратында, 3 моншада және 3 жеке үйде өртті жойған.

Құтқарушылардың үйлесімді және жедел жұмысының арқасында барлық өрттер жойылды. 

Ал Павлодар облысы Шарбақты ауданы Шалдай ауылындағы өртті сөндіру барысында 1984 жылы туған үй иесінің денесі табылды.