«34 келі марихуана тәркіленген»: елордада ірі көлемде есірткі жеткізуші ер адам ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

Фото: depositphotos.com

Астанада Ақмола облысының аумағына ірі көлемде есірткі жеткізуші ер адам қолға түсті. Одан 34 келіге жуық марихуана, 2 келіден астам гашиш тәркіленді. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақмолалық жедел уәкілдер елордада заңсыз айналымнан 34 келіге жуық марихуана тәркіледі. Бұл — қара нарықтағы құны 34 млн теңгені құрайтын 7 мыңға жуық дозаға тең. Сонымен қатар құны 5 млн теңге болатын 500-ден астам дозаға тең 2 келіден астам гашиш табылды.

54 жастағы ер адам есірткіні тек өзінің үйінде ғана емес, жалға алынған жертөледе де сақтаған. Мұнда полиция қызметкерлері есірткі заттарын орауға арналған құрылғыларды тәркіледі.

Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.