Ол Ұлттық ұланда қызмет еткен
Ұлттық ұланда қызмет етіп жүріп, мүгедек болып қалған Ербаян Мұхтар Астанадан Түркияға аман-есен ұшып жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазір ол Ыстамбұлдағы «Медикал Парк» клиникасында. Бұл туралы Instagram парақшасында отбасының құқық қорғаушысы Инга Иманбай хабарлады.
«Ербаян Стамбулға аман-есен жетіп, «Медикал-Парк» клиникасына орналасты. Ата-анасы қасында. Ұзақ жолды жақсы көтерді. Денсаулығы жақсы. Таңнан тілеуін тілеп отырған көпшілікке алғыс айтамыз», - деп жазды ол.
Естеріңізге салайық, былтыр желтоқсан айында Алматыдағы 5571 әскери бөлімнің ұлттық гвардиясында қызмет еткен Ербаян Мұхтар комаға түскен болатын.. Әскери бөлімдегілер оның әжетханада құлап, басын плиткаға соғып алғанын айтып, бұл оқиғаны жазатайым жағдай деп түсіндірген. Алайда туыстары бұған сенбейді.