Оқиға жаяу жүргіншілер көпірінде болған
Атырауда жаяу жүргіншілер көпірінен суға секіріп кеткеен адам құтқарылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, 112 желісіне Атырау қаласы Тұрғындар ықшам ауданында жаяу жүргіншілер көпірінен белгісіз адам суға секіріп кеткендігі жөнінде хабарлама түсті.
Шақырту орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары адамды судан шығарып, қайық үстінде алғашқы көмек көрсетіп, есін жидырды. Құтқарылған адам жедел жәрдем қызметкерлеріне табысталды.