Өңірде барлығы 183 вирус жұқтырған
Бүгін Алматы облысында 5 адам коронавирустан жазылып шықты. Олар – Боралдай ауылының 1985, 1983, 1997,1981,1989 жылы туған тұрғындары деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Пациенттер 25 сәуірден бастап Қаскелең қалалық инфекциялық ауруханада тиісті ем қабылдады. Қазір барлығының жағдайы жақсы.
Жалпы, елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 5207 адамды құраса, 2074 науқас ауруынан айығып шыққан. Оның 77-сі Алматы облысында.