Алматы облысында АЭС құрылысы бойынша референдум туралы ақпарат таралып жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Халықтық штаб белсенділері елдің әр ауданында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде

Фото: «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

Алматы облысында Халықтық штабтың үгіт-насихат жұмыстары белсенді түрде жалғасып жатыр. Штаб белсенділері әр ауданда түсіндіру кездесулері өткізуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Халықтық штаб белсенділері елдің әр ауданында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде атом электр станциясының стратегиялық рөлі туралы жан-жақты ақпарат беруде. 

«Біздің басты мақсатымыз — халықты АЭС жобасының артықшылықтары мен оның елге тигізетін экономикалық және экологиялық пайдасы туралы нақты, дәлелді ақпаратпен қамтамасыз ету. Әрбір тұрғын бұл жобаның елдің энергетикалық қауіпсіздігіне қаншалықты маңызды екенін түсінуі қажет. Атом энергетикасы — болашақтың энергиясы. Ол бізге тұрақтылық пен экологиялық таза энергияны қамтамасыз етеді. Сонымен қатар АЭС құрылысы елдің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға үлкен мүмкіндік береді. Қазір біз осы ақпаратты халыққа ашық, түсінікті түрде жеткізу үшін жұмыс істеп жатырмыз», — деді Халықтық штабтың белсендісі Медет Бекбергенов.

Тұрғындардан түскен ұсыныстар мен сұрақтарға штаб мүшелері толық жауап беріп, жобаның барлық аспектілерін жан-жақты түсіндіруде.