Түркия Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

Автор: Azattyq Rýhy

Гуманитарлық жүкті «СҚ-Фармация» ЖШС қабылдап алды

Фото: баспасөз қызметінен

9 мамырда Алматыға Түркия Республикасының Үкіметі атынан гуманитарлық жүк жеткізілді. Оның ішінде медициналық маскалар (150 000 дана), бетке арналған қорғаныс экрандары (50 дана), көзді қорғайтын көзәйнектер (100 дана), комбинизондар (300 дана) және дезинфекциялық құралдар бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бауырлас Түркияның бұл қадамы - коронавирус індетімен күрестегі жаһандық ынтымақтастықтың айқын көрінісі. 11 мамырда Түркияның жетекші фармацевтикалық өндірушісі «Abdi Ibrahim» компаниясы да COVID-19 коронавирусымен күресуде белсенді қолданылатын, құрамында хлорокин бар «Kutlu» дәрісі мен ацетилцистеин препаратын Қазақстанға гуманитарлық қолдау ретінде жібергенін атап өткен жөн. Гуманитарлық жүкті медициналық мекемелер арасында тарату үшін бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармация» ЖШС қабылдап алды», - деп жазылған хабарламада.

Айта кету керек, бұдан бұрын YDA Holding, Anadolu Endustri Holding (Coca-Cola Icecek), Nobel Ilac сияқты басқа да бірқатар түркиялық инвесторлар Қазақстанға гуманитарлық көмекті жіберген еді.