Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Автор: Azattyq Rýhy

Өзге шаһарларда метеорологиялық жағдай қалыпты

Фото: istockphoto.com

Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамынша, 23 қыркүйек күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады.

Тек Ақтөбе, Алматы, түнде Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.