Ол жалған шот-фактуралар жазып берген
Павлодарда 1,8 млрд теңге сомасына салықтық алаяқтық жасады деп айыпталған әйел іздеуге берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық Экономикалық тергеу департаментінің басшысы Серік Есеновтің айтуынша, Павлодар облысында ірі алаяқтық жасады деп айыпталған 1992 жылы туған Шахметова Юлия Владимировна іздеуде.
Тергеу мәліметтері бойынша, ол жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеден асатын жалған шот-фактураларды жазып берген, бұл 590 млн теңгеден астам салық төлемеуге алып келді.
Іздеуде жүрген адам анықталған жағдайда қазақстандықтардан көрсетілген нөмір бойынша хабарлауды сұрайды, сенімді ақпарат үшін сыйақы мен анонимділікке кепілдік беріледі: