Әнші студент шағында көңіл жарастырып, сүйіп қосылған бұрынғы күйеуімен ажырасуына енесі себепкер болғанын айтты
Қазақстандық әнші Меруерт Түсіпбаева «Иірім» бағдарламасында жеке өмірі жайлы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әнші студент шағында көңіл жарастырып, сүйіп қосылған бұрынғы күйеуімен ажырасуына енесі себепкер болғанын айтты.
«Біз жастық шағымызда, студент кезімізде көңіл қосып, жарастық. Сегіз жылдай бірге тұрдық. Өзі Шымкенттің жігіті. Енем мені қабылдамады. Ажырасуымызға енемнің қабылдамауы да сеп болды.
Басында ипотекаға үй алып тұрып жатқан кезімізде енем күйеуімді алып кетіп, Шымкенттегі зауытқа жұмысқа тұрғызып, маған айтпай үйлендіріп жіберген», - деп әнші өткенінен сыр шертті.