Әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбет аты-жөнін ауыстырды

Автор: Azattyq Rýhy

Әнші желі қолданушыларына жаңа жеке куәлігін көрсетті

Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

«Ақбота-Нұр» лақап атымен танылған әнші, актриса Ақбота Сейітмағамбет ресми түрде есімін ауыстырды. Бұл туралы өнер иесі Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әнші желі қолданушыларына жаңа жеке куәлігін көрсетті.

«Сүйінші, енді Бота ресми түрде Ақбота-Нұр», - деп жазды ол.

Құжатта Ақбота Сейітмағамбеттің аты-жөні «Даирбек Ақбота-Нұр» деп жазылған.