«Қайрақ» фитосанитарлық бақылау бекетінде 18-19 қыркүйекте 12 бұзушылық анықталды
Ресейден сертификатсыз, яғни заңсыз жолмен 170 тоннадан астам картоп әкелмек болғандар анықталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аталмыш министрлікке қарасты Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Костанай облыстық инспекциясы Ресей Федерациясымен шекаралас аймақта орналасқан «Қайрақ» фитосанитарлық бақылау бекетінде 18-19 қыркүйекте 12 бұзушылық анықталды.
«Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік инспекторлар 170,9 тонна картопты фитосанитарлық сертификатсыз әкелуді тоқтатты.
Әкімшілік хаттамалар жасалды. Картоптың барлық партиясы қайтарылды», - делінген хабарламада.