Көлігінің нөмірін қағазбен жауып алған ер адам жүргізуші куәлігінен айырылды

Автор: Azattyq Rýhy

Chrysler көлігін басқарған астаналықтың айласы іске аспай қалды

Фото: Видеодан скрин

Астанада Республика даңғылында патрульдік полиция қызметкерлері көліктердің бірінен мемлекеттік нөмірдің бір санын қағазбен жауып қойған жүргізушіні байқап, тоқтатты. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл әдісті жүргізуші көлікті анықтауды қиындату үшін жасаған.

Полицейлер бұл жағдайға тез әрекет етіп, ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырды.

Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды. Сот шешімі бойынша жүргізуші бір тәулікке қамауға алынып, бір жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.