Трампқа тағы да шабуыл жасалмақ болды

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті қамауға алынды

Фото: Alex Brandon/Copyright 2024 The AP. All rights reserved.

Жексенбі күні Флорида штатындағы Дональд Трамптың гольф клубының маңында атыс болды. АҚШ президенттігіне үміткердің сол сәтте сол жерде болғанын оның сайлауалды штабы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Euronews-ке сілтеме жасап.

«Мен қауіпсізбін және дін аманмын. Ешкім зардап шеккен жоқ. Ештеңе мені тоқтата алмайды. Мен ешқашан берілмеймін!» - делінген Трамптың жақтастарына арналған жазбаша үндеуінде.

FBI тергеу жұмыстарын бастады. Ведомствоның баспасөз конференциясында Трамптың өкілдері бұл оқиғаны «қастандық жасау әрекеті» деп бағалады.

AP ақпарат агенттігінің мәліметінше, АҚШ Құпия қызметінің агенттері Уэст-Палм-Бичтегі Trump International гольф клубының жанында қаруы бар адамды көріп, оқ атқан. Ол жол талғамайтын көлікпен қашпақ болған, бірақ жол патрульдерінің бір бөлігі оны ұстап үлгерді.

Палм-Бич округінің шерифі Рик Брэдшоу баспасөз конференциясында Құпия қызмет агенті Дональд Трамп гольф алаңында болған кезде қаруын қоршаудың ар жағынан бағыттап тұрған ер адамды байқағанын айтты. Оның айтуынша, ер адам АҚШ-тың бұрынғы президентінен шамамен 400 метр қашықтықта болған.

Оқиға орнынан оптикалық көздеуіші бар АК-47 автоматы, GoPro камерасы және екі рюкзак табылды.

Брэдшоудың сөзінше, күдікті көліктен шығарылған кезде қаруы болмаған. Ұсталған сәтте ер адам қашуға ниеттенбеген және шу шығармаған, деп түсіндірді шериф. Күдікті не үшін ұсталғанын сұрамаған және ешқандай сұрақ қоймаған.