Алматы облысында жол апатынан жүргізуші көз жұмды (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Тергеу жүріп жатыр

Фото: Видеодан скрин

Алматы облысының Қонаев терминалындағы тас жолда жол апатынан жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Chevrolet Cobalt жүргізушісі Алматы-Өскемен автожолының 25-ші шақырымында рульге ие бола алмай, бетон қоршауға соғылып, инерция бойынша алдында тұрған Hyundai Sonata автокөлігімен соқтығысқан.

Алматы облысы полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet Cobalt жүргізушісі сол жерде қайтыс болды. Жол апаты фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

Тергеу жүріп жатыр.