Ұлытау облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Автор: Azattyq Rýhy

Жолаушылар қазір Жезқазған облыстық көпсалалы ауруханасында жатыр

Фото: Видеодан скрин

Апат Жезқазған-Сәтбаев тасжолында болған. Салдарынан төрт адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Etozhez Telegram арнасына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Daewoo Nexia және Жигули автомобильдері соқтығысқан. Зардап шеккен жолаушылар Жезқазған облыстық көпсалалы ауруханасында жатыр.

Зардап шеккендердің үшеуі - травматология бөлімінде, біреуі - нейрохирургияда. Дәрігерлер тексеруді жалғастыруда, реанимациялық науқастар жоқ.

Қазір ЖКО-ның барлық мән-жайы анықталуда, деп хабарлады Ұлытау облысы ПД.