$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Димаштың жанкүйерлері концерттен кейін стадионды жинап кетті

Көрермендер арасында шетелдік қонақтар да болды

Димаштың жанкүйерлері концерттен кейін стадионды жинап кетті
Фото: Астана әкімдігі

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының көрермендері мен қонақтары Димаш Құдайбергеннің «Астана Арена» стадионындағы концертінен кейін стадионды қоқыстан тазартты. Бұл туралы Azattyq Rýhy елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімдік мәліметінше, мұндай тазалық акциялары елордада тұратын әрі қаланың тазалығына бей-жай қарамайтын тұрғындар үшін игі дәстүрге айналды.

Көрермендер арасында шетелдік қонақтар да болды, олар жанкүйерлердің белсенділігіне және олардың саналы көзқарасына таң қалды. Тазалық акциясына «Астана Жастары» КММ белсенділері, еріктілер, сол сияқты жанкүйерлер де қосылды.

Естеріңізге сала кетейік, 13 және 14 қыркүйек күндері «Астана Арена» стадионында Димаш Құдайбергеннің концерті өтіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары