«Жұлдыз келіп тұр»: Қайрат Нұртас «Қатты, қатты сағындым» әні қалай жарық көргенін айтты
Ол әннің мәтіні қалай жазылғанын түсіндіріп берді
Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас «Қатты, қатты сағындым» әні қалай жарық көргені туралы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол әннің мәтіні қалай жазылатынын түсіндіріп берді. Айтуынша аталмыш ән сүйіктісі Жұлдызды сағынғаннан пайда болған.
«Соңғы уақыттары Ақсұңқар інім екеуіміз шығармашылықпен көп айналыстық. Үйге бармағаныма бес-алты күндей болып қалған. «Жұлдыз келіп тұр, Ақсұңқар маған бір аккорд берші» деймін. Ол түсінбейді.
Ол аккордпен тұр. «Сен келдің, мен келдім, адамы». Анау ойнап отыр. Ақсұңқар керемет ойнайды, сенен бұрын аккордты тауып тұрады. Содан тұрып, қырғыздарға (әуеніне) кетіп қалдым. Ары қарай әннің қайырмасы шықты. Ән жай болып кетті, қазір оған ұрсамын деймін. «Фататита, фататита, фататита, фатата». Содан қайтадан баураймын, «фарари, фарари» деп. Сөзі шықпай жатыр, бірақ әні шығып тұр. Оны композиторға апарасың. Композитор тұрып, «Қатты, қатты, қатты, сені қатты сағындым» деп шығарады. Міне осылай шыққан ән еді», - дейді әнші Қайрат Нұртас.