«Мен өткенге өкінбейтін адаммын»: әнші Ақбота-Нұр өмірі туралы айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Ол өткен өміріне ешқашан өкінбейтінін айрықша айтып өтті

Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Қазақстандық әнші, актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбет өзінің ұстанымы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«1001 түн» ток-шоуында ол өткен өміріне ешқашан өкінбейтінін айрықша айтып өтті.

«Өмір болғандықтан неше түрлі жағдайлар болады. Неше түрлі қиыншылықтар болады. Өмір менің көйлегім сияқты ақ пен қарадан тұрады. Бір сәтте бал-бұл жайнап, бақытты өмір сүруім мүмкін. Ертесі күні бір сәтте бүкіл байлығыңнан, денсаулығыңнан айырылып, ешкімге керек емес халде болып қалуың да мүмкін.

Егер Алла Тағала мені дәл осы қалпымда тағы да жарататын болса, мен осы өміріммен өмір сүретін едім. Себебі, мен өткенге өкінбейтін адаммын. Өкінбе сен дейді ғой ешқашанда. Мен өкінбеймін. Өкінбеу де керек», - деп әнші, актриса өз ойымен бөлісті.