Маңғыстаудағы оқушылардың жаппай улануы: аудандық басқарма түсініктеме берді

Автор: Azattyq Rýhy

Өткен аптада Мұнайлы ауданының №8 мектебінде мектеп оқушылары жаппай уланғаны туралы ақпарат тараған

Фото: Azattyq Rýhy

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының мектебінде болған оқиға туралы аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, 16 оқушының жаппай улануы мектеп тамағынан болмаған. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бейнеу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Тұралы Жолышовтың айтуынша, оқушылардың аяқасты әлсіреуінің себебі ретінде асханадағы тамақ немесе ауыз су деп айтуға негіз жоқ. Ж.Қалдығараев атындағы мектептің барлық 16 оқушысы ол күні мектеп асханасында тамақтанбаған.

«Тамаққа ешқандай қатысы жоқ, өйткені бұл жағдайға тап болған 16 баланың бәрі мектеп асханасында тамақтанбайды. Олар - мемлекеттен көмек алмайтын отбасылардан. Олар - 5-7 сынып оқушылары», - деді Жолышов.

Оның айтуынша, мектеп асханасы мөрленген, тиісінше жабық тұр. Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы Бейнеу ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары оқу орнынан тамақ пен ауыз су сынамаларын алып, оларды сараптамаға жібергенін хабарлады.

Айта кетейік, өткен аптада Мұнайлы ауданының №8 мектебінде мектеп оқушылары жаппай уланғаны туралы ақпарат тараған болатын.