Күйеуімен бірге демалуға кеткен қызын анасы жоғалды деп іздеуге берген

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға 30 тамыз күні болған

Фото: istockphoto.com

Күйеуімен бірге демалуға кеткен қызын анасы жоғалды деп іздеуге берген. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Диапазон» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

30 тамызда Хромтау аудандық полиция бөліміне әйел адам 23 жастағы қызының жоғалып кеткені туралы туралы айтып жүгінген.

Ақтөбе облысының полиция департаментінің мәліметінше, ол қызын күйеуі күштеп алып кетті деп мәлімдеген.

Полиция жоғалған адамның барлық мүмкін жерлерін тексеріп, таныстары мен достарына хабарласқан. Нәтижесінде ерлі-зайыптылардың Ақтауға пойыз билеттерін сатып алғаны белгілі болды. Іздеуде жүрген адам күйеуі күштеп алып кеткені туралы мәліметтерді жоққа шығарып, демалуға өз еркімен кеткенін хабарлады.