Мектептің ерлер дәретханасын әйел директор камерамен қадағалап отырған

Azattyq Rýhy

Бұл іс туралы мектеп оқушыларының ата-аналары біліп, дабыл қақты

Мектептің ерлер дәретханасын әйел директор камерамен қадағалап отырған
Фото: t.me/Atyrau online

Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы Ш.Т. Еркінов атындағы мектептің ерлер дәретханасына бейнебақырау камерасы орнатылғаны белгілі болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Atyrau online Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл іс туралы мектеп оқушыларының ата-аналары біліп, дабыл қақты.

«Мүліктің бірнеше рет бүлінуіне және мектеп дәретханасында ұсақ бұзақылыққа байланысты қолжуғыштарға бағытталған бейнекамераны орнату қажеттілігі туындады. Бұл ретте оқушылардың құқығы бұзылған жоқ. Камераны орнату туралы шешім мектеп әкімшілігімен және қамқоршылар кеңесінің басшысымен бірге қабылданды. Бұл шара тек тәртіпті сақтау және одан әрі бұзушылықтардың алдын алу үшін қабылданды. Жазбаларға мен ғана қарай аламын», - деп түсіндірді мектеп директоры Тәттігүл Қалиева.

Осы іске қатысты Атырау облысының білім басқармасы түсініктеме берді.

«Атырау облысының білім басқармасы камераны алып тастау туралы шешім қабылдады. Басқармада аталған фактіні зерттейтін комиссия құрылды. Нәтижесі қосымша хабарланады», – делінген облыстық білім басқармасының хабарламасында.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.