Ойындар - әртүрлі халықтардың мәдениеті мен дәстүрін біріктіретін маңызды оқиға болмақ
Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында елордаға келген құрметті қонақтар мен ресми тұлғаларды салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Делегацияның ресми тұлғаларының құрамында Абу-Даби спорт кеңесі әкімшілік секторының атқарушы директоры Ахмад әл-Кубайси, ЮНВТО Бас хатшысы Зураб Пололикашвили, Армения Республикасы Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрінің орынбасары Карен Гилоян, Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Мақсұтов бар.
Ойындар - әртүрлі халықтардың мәдениеті мен дәстүрін біріктіретін маңызды оқиға болмақ.